Прагада «Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері» атты семинар өтті

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат - Прагада Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Халықаралық сауда палатасының кеңсесінде «Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері» атты семинар өтті,
None
None

деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Шараны аша отырып, Қазақстан Елшісі Анарбек Қарашев семинарға қатысушыларды Елбасының қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы ауқымындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық міндеттерімен таныстырды, республикамыздың экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері, ұзақмерзімді және орташа мерзімді бағдарламалары туралы хабарлама жасады, чех кәсіпкерлерін қазақстандық экономикаға белсенді инвестиция салуға шақырды.

Чехияның индустрия және сауда министрі, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-чех үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Милан Говорка Жолдаудағы мақсаттардың сындарлы екенін атап көрсетумен қатар, Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастардың басымдығын қуаттады.

Чех кәсіпкерлері әсіресе қазақстандық экономиканы жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасына қызығушылық танытты.

Семинарға экономиканың энергетика, агроөнеркәсіп, машина жасау және өнеркәсіп секторларында жұмыс жасайтын 50-ден астам чех компанияларының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум