Премьер-Министр Балқаш жылу электрстансысы құрылысына қатысатын кореялық компаниялардың басшыларымен кездесті

АСТАНА. Наурыздың 25-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Балқаш жылу электрстансысы құрылысына қатысатын Корея компанияларының басшыларымен кездесті,

Премьер-Министр Балқаш жылу электрстансысы құрылысына қатысатын кореялық компаниялардың басшыларымен кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Корея электроэнергетикалық корпорациясынң президенті Ким Сан-Су және «Самсунг» компаниясының басшысы Чи Сун-Хамен болған кездесуде Үкімет басшысы Балқаш жылу электрстансысының құрылысы аясында аталған екі компания мен «Самұрық - Энерго» АҚ-сы арасындағы келісімшарттың маңыздылығына тоқталып, осы құжат негізінде Корея мен Қазақстан елдері арасындағы саяси-экономикалық байланыстардың нығайы түсетіндігін ерекше атап өтті. «Бүгінгі таңда Корея мен Қазақстан арасындағы саяси-экономикалық байланыстар жоғары деңгейде дамып келеді. Оған екі ел басшылары мен үкіметтерінің өзара әріптестік қарым-қатынастары куә. Осы саяси байланыстар экономика саласында да өз нәтижесін беруде. Оның бір көрінісі - бүгінгі Корея компанияларымен Балқаш жылу электрстансысын салу жөніндегі негіздемелік келісім. Аталған құжат аясында біздің экономикамызға құйылған қаржы қазіргі дағдарыс жағдайына қарамастан өз жемісін береді деп ойлаймын», - деді өз сөзінде Үкімет басшысы.