Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Премьер-Министр Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компанияларды активтерінің бір бөлігін біздің елде сақтауға шақырды

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік компанияларды активтерінің бір бөлігін қазақстандық банктерде сақтауға шақырды,

Премьер-Министр Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компанияларды активтерінің бір бөлігін біздің елде сақтауға шақырды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен республикамызда жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялар өз ресурстарының бір бөлігін Қазақстан Республикасының аумағында ұстағанды жақтаушымын», деді К. Мәсімов бүгін Астанада отандық және шетелдік іскер топтар өкілдерімен өткен дөңгелек үстелде.

Үкімет басшысы «бұл адал әрі әділетті позиция» болып табылатынын атап көрсетті. «Әзірге бұл заң емес, тек тілек. Біз бұл бойынша жұмыс істейтін боламыз. Мен мұны дұрыс деп есептеймін», деді ол.