Премьер-Министр мен ЕурАзЭҚ бас хатшысы Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесі 23-ші отырысының күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ЕурАзЭҚ бас хатшысы Тайыр Мансұровпен кездесті,

Премьер-Министр мен ЕурАзЭҚ бас хатшысы Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесі 23-ші отырысының күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде биыл маусым айында Мәскеу қаласында өтетін үкіметтер басшылары деңгейіндегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесі 23-ші отырысының күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер талқыланды.