Премьер-лиганың 18-туры: Қай командалар өзара мықтыны анықтайды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 18-туры өтеді.

Бұл турда алғашқы ойындар 18 тамызда сағат 18:00-де Петропавлда «Атырау» мен «Шахтер» (Қарағанды), «Елімай» (Семей) мен «Қызылжар» (Петропавл) клубтары арасында болады.
Семейлік «Елімай» биыл жүлделі орындардан үміттеніп отыр. Қазір турнир кестесінде төртінші орында келеді. Бүгінгі ойында жеңіске жеткен жағдайда үздік үштікке жақындай түседі.
Петропавлдық команда кейінгі турларда жақсы нәтижеге қол жеткізіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.
Сондықтан бұл ойында жанкүйерлер қызықты ойын күтіп отыр.
Сондай-ақ, аталған турда бұл күні 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.
Ал 25 тамызда 18:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Тобыл» (Қостанай) шеберлік байқасады.
Сол күні 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.
Бұл турдағы «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» кездесуі 29 қыркүйекке шегерілді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Бірінші лигада «Ұлытау» үздік үштікке көтерілді.