Премьер-министр павлодарлық студенттердің мобильді қосымшасын басқа өңірлерге таратуды тапсырды
АСТАНА. KAZINFORM – Павлодарлық студенттердің инватакси шақыруға арналған мобильді қосымшасы республика ауқымындағы жобаға айналуы мүмкін. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті министрлікке осындай тапсырма берді.
- Үкіметке жолданған өтініштердің бірінде павлодарлық студенттердің инватакси шақыруға арналған ыңғайлы қосымша әзірлегені туралы айтылған. Жасанды интеллект министрлігі әкімдікпен бірге оны басқа да аймақтарға тарату мәселесін ойластыру керек, - деді ол.
Олжас Бектенов аталған ведомствоға онлайн карталарда жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген нысандарды белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырды.
Бұған Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет «шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек» қағидатымен жұмыс істейтінін айтқан болатын.
Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова арнайы білім беру ұйымдарының статистикасын атады.