Президент аграрлық сала ғалымдарын марапаттап, баспана кілтін табыстады

АСТАНА. KAZINFORM – Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ғылым күніне арналған салтанатты жиын өтті.

в
Фото: АШМ

Жиында Президент ғылымның ел дамуындағы айрықша рөлін атап өтіп, осы салада елеулі еңбек етіп жүрген ғалымдарды марапаттады.

Атап айтқанда, ғылымдағы жетістіктері үшін «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ зертханасының жетекшісі Сәрсенбек Монтаев «Парасат» орденімен наградталды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің үш жас ғалымына пәтер кілттерін табыстады.

Олар – университеттің Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, «Өсімдік шаруашылығы» бағыты бойынша қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, PhD Рахия Елназарқызы, «Азық-түлік өнімдерін өндіру» бағыты бойынша қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, PhD Эльмира Базылханова, сондай-ақ «Электрмен жабдықтау» бағыты бойынша аға оқытушы, PhD Артур Ногай.

Рахия Елназарқызының айтуынша, көрсетілген құрмет ғылыми қауымдастық еңбегіне берілген жоғары баға мен ерекше ілтипаттың көрінісі.

– Ғылым – дамушы мемлекеттің берік іргетасы, ал ғалымдар елдің басты стратегиялық ресурсы болып қала береді, – деді ол.

Айта кетейік, Алматыда балаларға арналған алғашқы ғылым музейі ашылады.

Соңғы жаңалықтар