Алматыда балаларға арналған алғашқы ғылым музейі ашылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Сингапурда Алматы балалар ғылыми музейінің (ACSM) өкілдері мен шетелдік серіктестер — Science Centre Singapore және Kingsmen Creatives Ltd компанияларының қатысуымен кездесу өтті.

Алматыда балаларға арналған алғашқы ғылым музейі ашылады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, тараптар музейді ашуға дайындықтың негізгі кезеңдерін талқылады. Жоба Орталық Азиядағы халықаралық деңгейдегі алғашқы балалар ғылыми орталығы болмақ. Музей биыл маусым айында келушілерге есігін айқара ашады.

Кездесу барысында білім беру мазмұнын әзірлеу мен музей қызметкерлерін даярлау жұмыстарына ерекше назар аударылды.

Алматыда балаларға арналған алғашқы ғылым музейі ашылады
Фото: Алматы әкімдігі

ACSM жобасын іске асыру жетекшісі Майра Тұрғанова жобаның қазіргі жай-күйін таныстырды.

— Science Centre Singapore-мен серіктестік аясында Алматы балалар ғылыми музейіне білім беру бағдарламалары бойынша франшиза және өзге де зияткерлік құқық берілді. Әрбір экспозиция сингапурлық серіктестермен бірлесіп әзірленіп, ұлттық ерекшелікке бейімделді. Олар Арал теңізінен бастап киіз үй құрылымының ғылыми түсіндірмелерді қамтиды. Бүгінде Science Hub ACSM галереялары мен зертханалары үшін 130-дан астам білім беру бағдарламасы әзірленді, — деді Майра Тұрғанова.

Еске салайық, Science Centre Singapore — 49 жылдық тарихы бар, жыл сайын 1 миллионнан астам адам келетін әлемдегі жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Орталық KidsSTOP балалар ғылыми кеңістігінің операторы саналады, дәл осы модель ACSM жобасын әзірлеуге негіз болған.

Алматыда балаларға арналған алғашқы ғылым музейі ашылады
Фото: Алматы әкімдігі

2024 жылы Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған «Алмалы» сауда орталығында балаларға арналған Ғылым музейі ашылатыны хабарланды.

Кейін Алматыда ТМД аумағындағы алғашқы Ғылым музейінің құрылысы қашан басталатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар