Президент әскерде қаза тапқан сарбаздарға қатысты істі тергеу кезінде заңның сақталуын қадағалауды тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM – Президент әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастыруы керек. Бұл реттеу заңның сақталуын қадағалау маңызды. Мемлекет басшысы Бас прокурорға осындай тапсырма берді.

Ақорда
Фото: Ақорда

Бұл туралы өзінің Telegram парақшасында ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды, - делінген хабарламада. 

Осыған дейін Маңғыстау облысында сарбаз қайтыс болғаны туралы жаздық.

Сондай-ақ Алматыда сарбаз әскери бөлім ғимаратының үшінші қабатынан секіріп кеткені туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар