Президент Ербол Хамитовты қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы биатлоншы Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Ербол Хамитовты қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады
Фото: DSP Parasport

Президент спортшының табанды еңбек пен ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Бұл — шынайы құрметке лайық.

Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы бұған дейін шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов Паралимпиада чемпионы атанғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар