Президент ХХІІ Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына сапармен барады.
Іс-шара аясында мемлекеттер басшыларының кездесуі жоспарланған.