Президент хостелдегі өрттен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты

Президент
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл деп айтты, деп хабарлайды Kazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды», - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бүгін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 30 қараша күні сағат 05:33-те түскен. Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде жетті.

Өрттен зардап шеккен 2 адам қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, науқастың біріне көмірқышқыл газынан улану диагнозы қойылды. Сондай-ақ 59 адам эвакуацияланып, 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды.

Алматыда хостелде болған өрт туралы соңғы мәліметтер мына жерде

Соңғы жаңалықтар
telegram