Президент кадрларды даярлауда шетелдік инвесторларды Астанадағы жаңа халықаралық университетпен ынтымақтасуға шақырды

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Президент шетелдік инвесторларды Астанадағы жаңа халықаралық университетпен кадрларды даярлауда ынтымақтасуға шақырды.
None
None

Бұл туралы бүгін  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиырма екінші пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Менің атыммен атау туралы ұсыныстарға қарсымын. Алайда, қазіргі жағдайда мен келісімімді бердім. Аталған халықаралық университет Nazarbayev University деп аталатын болады», -деді Мемлекет басшысы.

Университетті Еуразияда алдыңғы қатарлы ғылыми білім беру орталығына айналдыру жоспарланып отырғанына тоқталған Президент, «Мен шетелдік инвесторларды тапсырыстарды қалыптастыру, инженерлік-техникалық саланың мамандарын даярлауда, ғылыми зерттеулерді жүргізуде, сондай-ақ қарым-қатынастың басқа да аспектілерінде аталған университетпен белсенді түрде ынтымақтасуға шақырамын», деді.

Университеттің ғылыми орталықтарын құруға, әлемдік деңгейдегі ғалымдарды тарту үшін арнайы қор құрылып жатқандығын жеткізген Елбасы, «Мен біздің инвестор достарымызды мүмкіндігінше бұл қорды қаржымен қолдауға шақырамын. Бірге жұмыс істейтін боламыз», деді.

Соңғы жаңалықтар