05:29, 07 Қараша 2025 | GMT +5
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен келіссөз жүргізді
ВАШИНГТОН. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
— Кездесудің егжей-тегжейлі ақпараты сәл кейінірек жарияланады, — делінген хабарламада.



Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақ үйге келгені туралы жаздық.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы америкалық сенатор Стив Дэйнсті қабылдады. Республикалық партиядан сайланған сенатормен кездесуде қазақ-америка қатынастарын нығайтуға парламенттік дипломатияның қосқан үлесі талқыланды.