Президент Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовті марапаттады
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Жарлығымен Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетов марапатталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды, — делінген хабарламада.
Ол 66 жыл үздіксіз жұмыс істеп, теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосқан. Ең жоғары мемлекеттік награда көлік саласының өкіліне алғаш рет табысталып отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, Президентке Солтүстік Қазақстан облысының даму қарқыны туралы есеп берілді.