Президент Назарбаев өзін нағыз саясаткер және ұлтының дана көшбасшысы ретінде көрсетті - Еуропа Кеңесінің бұрынғы бас хатшысы В.Швиммер
АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Еуропа Кеңесінің бұрынғы бас хатшысы Вальтер Швиммер Қазақстан Республикасының Австриядағы Елшілігінің атына ресми хат жолдады.
«Президент Назарбаев өзін нағыз саясаткер және ұлтының көреген басшысы ретінде көрсете білді. Өзі айтып өткендей, қиын-қыстау, күрделі саяси кезеңде ол шынайы демократияның үлгісін көрсетті, сөйтіп «Еуропаға жолды» жалғастырып, демократиялық қағидаларды жүзеге асырды. Қазір, бүкіл әлемнің назары басшылары халқының тілегіне құлақ аспай отырған және өз елдерін демократиялық болашаққа дайындай алмаған кейбір мемлекеттерге ауып отырған кезде, Президент Назарбаев демократиялық басшылықтың тамаша үлгісін көрсетіп отыр.
Өзімнің жеке құттықтауымды және Президенттің осы дана шешіміне ризашылығымды білдіргім келеді!», - делінген хатта.