Президент «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар туралы» заңға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM –  Мемлекет басшысы «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар туралы» заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Сонымен қатар Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нысаналы капитал қорларының және эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) қызметі, сондай-ақ Арал маңының қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Соңғы жаңалықтар