Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарына Үндістан басшылығы зор маңыз беріп отыр - Кирит Парикх

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат. Бүгін Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев Индира Ганди атындағы стратегиялық зерттеулер институтының вице-президенті Кирит Парикх бастаған үнді делегациясымен кездесті.
None
None
Кездесу барысында тараптар орнықты және жан-жақты сипат ала бастаған Қазақстан-Үндістан қарым-қатынастарының қарқынды дамуын атап өтті.М.Көпеев Мумбайдағы террорлық актіге байланысты көңіл айта келіп, Қазақстан осы басбұзарлық әрекетке алаңдаушылық білдіргенін және террорға қарсы күресте жаһандық ынтымақтастықты кеңейтуді жақтайтынын хабарлады.Ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы болып табылатын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті ілгерілетуде Үндістанның жан-жақты қолдау білдіргенін атап өтті.Екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту мәселелеріне тоқтала келіп М.Көпеев парламентаралық деңгейдегі ынтымақтастықты белсенділендірудің маңыздылығын атап өтті.«Заң шығару органдары арасындағы өзара іс-қимыл мемлекетаралық қарым-қатынастардың маңызды құрамы болып табылады және әріптестіктің барлық бағыттары бойынша тереңдей түсуіне ықпал етеді», - деді Төраға орынбасары.Индия делегациясының басшысы Кирит Парикх өз кезегінде екіжақты ынтымақтастықтың қол жеткен деңгейі экономика саласы секілді мәдениет, білім беру және медицина салаларында да толыққанды байланыстар қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.Оның айтуынша, Үндістан жағы био және нанотехнология, ақпарат және дәрі-дәрмек жасау салаларында атқарылған істерді ұсынуға әзір. Бірлескен өндірісті дамыту жобалары да Қазақстанда табысты қолданылуы мүмкін.К.Парикх сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы сапарына Индия басшылығы зор маңыз беретінін атап өтті. «Біз Қазақстан-Үндістан қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеретін екіжақты байланыстарды дамытуда жаңа уағдаластықтарға қол жеткізуге үміттенеміз», - деді мейман.
Соңғы жаңалықтар