Президент сайлауына 435 шетелдік байқаушы аккредиттелді - ҚР ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент сайлауына 435 шетелдік байқаушы аккредиттелді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті.
None
None

«Халықаралық байқаушылардың жалпы саны - 337. Оның ішінде: ЕҚЫҰ-ның сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан 43 адам 25 мемлекеттен, ТМД байқаушылары миссиясынан 223 адам 7 мемлекеттен, ШЫҰ байқаушылары миссиясынан 6 адам 4 мемлекеттен, 3 халықаралық ұйымнан 7 адам, 27 шет мемлекеттен 58 адам», - деді ол.

ҚР ОСК мүшесінің атап өтуінше, бұдан бөлек ҚР Сыртқы істер министрлігінде тіркелген 19 мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілі бар.

«Сонда бүгінгі күні кезектен тыс президенттік сайлауға 435 шетелдік байқаушы аккредитация кезеңінен өтіп отыр», - деді М.Сәрсембаев.

Соңғы жаңалықтар