Президент Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Kazinform

Мемлекет басшысы Өзбекстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Президент Шавкат Мирзиёевке құттықтау жеделхатын жолдады. 

Президент ұлттың ынтымақ-бірлігін, орнықты даму мен ілгерілеу жолындағы нық қадамын айшықтайтын бұл мереке өзбек халқының мерейін асқақтата түсетінін атап өтті.

– Қазақстан халқы бауырлас Өзбекстанның жетістіктеріне риясыз қуанады. Біз ғасырлардан тамыр тартатын достықты, тату көршілік пен халықтарымыздың арасындағы өзара қолдауды жоғары бағалаймыз. Сан қырлы ынтымақтастығымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына сай бұрын-соңды болмаған деңгейде дамып келеді. Бірлескен жұмысты одан әрі жандандыру табыстарымызды еселеп, елдеріміздің игілігі жолында қазақ-өзбек қарым-қатынасын жаңа биікке бастайтынына сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас өзбек халқына бақ-береке тіледі.  

Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барған еді