Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барды
БІШКЕК. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.
Қазақстан Президентін «Манас» әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.