Президент Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақорда
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған. 

Президент жақындарынан айырылған отбасыларға сабыр, ал жарақат алған адамдардың сауығып кетулеріне тілектестік білдірді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайда фейерверк фабрикасындағы жарылыстан 21 адам қаза тауып, 61 адам зардап шеккенін жазған едік.