Қытайда фейерверк фабрикасындағы жарылыстан 21 адам қаза тауып, 61 адам зардап шекті
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың орталық бөлігінде фейерверк өндіретін фабрикада жарылыс болды, деп хабарлайды Синьхуа.
Жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, 21 адам қаза тауып, тағы 61 адам жарақат алған.
Оқиға дүйсенбі күні шамамен сағат 16:43-те Хунань провинциясының әкімшілік орталығы Чанша қаласына қарасты уездік деңгейдегі Люянь қаласындағы кәсіпорында болған.
Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер мен құтқару қызметтері жетті. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қытайда алдағы он жылда 60 жастан асқан адамдар саны 400 миллионнан асады деп күтіледі. Осыған байланысты ел билігі халықтың қартаюы мәселесін шешу шараларын күшейтіп жатыр.