Президент тапсырмасы: Алматыда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының 2029 жылға дейінгі жоспары бекітілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXIX сессиясында 2025–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-қимыл жоспары бекітілді. 

Президент тапсырмасы: Алматыда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының 2029 жылға дейінгі жоспары бекітілді
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл құжатты Мемлекет басшысының елдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қаланың Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы әзірлеген. Жоспар 2024 жылы қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына негізделген.

Жоспар үш негізгі бағытты қамтиды: экологиялық ойлау, экологиялық ағарту және ақпараттық қамту, экологиялық білім беру. Құжат аясында ауа сапасын автоматты бақылау жүйелерін орнату, қалдықтарды қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, экоеріктілікті қолдау, сондай-ақ «Жасыл мектеп» және «Жасыл кеңсе» жобаларын енгізу шаралары көзделген.

Президент тапсырмасы: Алматыда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының 2029 жылға дейінгі жоспары бекітілді
Фото: Алматы әкімдігі

 

— Жоспарды іске асыру экологиялық мәдениетті жүйелі түрде қалыптастыруға, халықтың белсенді қатысуына, қалалық ортаның тұрақты жақсаруына және тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына мүмкіндік береді. Қала мен тұрғындардың мүддесі үшін «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Жоспарды қолдауларыңызды және бекітулеріңізді сұраймын, — деді Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Мирас Гайсин.

Қалалық мәслихат депутаттарының басым бөлігі жобаны қолдап дауыс берді.

Еске салайық, бұған дейін Президент Телерадиокешені қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар