Президент туыстарының мемлекеттік қызметті атқаруға хақысы жоқ деген бап өзгеріссіз қалады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев редакциялық өзгерістер жайында айтып берді.

Нұрлан Бекназаров
Фото: Конституциялық сот

Министрдің айтуынша, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару мәселелерін реттейтін Конституцияның VIII бөліміне және басқа да бөлімдеріндегі бірқатар баптарына бір палаталы заң шығару органының, яғни Құрылтайдың енгізілуіне байланысты, сондай-ақ «Республика» деген атаудың орнына «Қазақстан Республикасы» деп нақтылау мақсатында редакциялық өзгерістер енгізіледі. 

- Конституцияның 43-бабы өзгеріссіз қалады, - деді Ерлан Сәрсембаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы басталды. Іс-шара конституциялық реформаға байланысты түскен ұсыныстарды талқылауға арналды. 

ҚР Конституциялық Сотының төрайымы Эльвира Әзімова комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс түскенін, олардың барлығы біртұтас жинақталған кестеге топтастырылғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар