Президент Түркі мемлекеттері ұйымы азаматтық қорғау тетігі туралы келісімді мақұлдады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Ақорданың дерегінше, Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін Президент ЕАЭО аясындағы екі келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.