Президент Үкіметке шетелдік компаниялармен технологиялық ынтымақтастықтың нақты бағдарламасын әзірлеуді жүктеді

А. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке және «Самұрық-Қазына» қорына Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялармен өнеркәсіптің басымды салаларындағы технологиялық ынтымақтастықтың нақты бағдарламасын әзірлеуді тапсырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкіметке , «Самұрық-Қазына» қорына келесі жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін ғылыми-зерттеу институттарын, университеттерді, ұлттық компанияларды  тарта отырып, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялармен өнеркәсіптің басымды салаларындағы технологиялық ынтымақтастықтың нақты бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Ірі мұнай-газ, өндіруші компанияларды осы мәселеде ынтымақтасуға шақырамын», деді Н. Назарбаев бүгін Астанада өткен ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІІ пленарлық  мәжілісінде.

Елбасы соңғы бір жылда мемлекет қазақстандық қамту мәселесін дамытуда айтарлықтай ілгері жылжығанын атап көрсетті. «Бұған шетелдік инвесторлар кеңесінің осының алдындағы отырысында серпін берілді. Мен сіздерге осындай ауқымды қолдауларыңыз үшін, әсіресе қиын кезеңде,  алғысымды білдіремін. Осындай жұмысты біз технологияның барлық мәселелері бойынша жүргізуіміз қажет», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар