14:38, 08 Мамыр 2025 | GMT +5
Президент Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды
МӘСКЕУ. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Қазақстан Президенті бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді, — делінген хабарламада.



Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті.