Президент жер қойнауын пайдалану кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі құжатқа қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Президент «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Осыған дейін Президент «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» заңға қол қойған болатын.