Президент Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындады
АСТАНА.KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін тағайындады.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Амангелді Сағындықұлы Есенов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Ғабиден Хасенұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Руслан Қасқырбекұлы Мелдебеков Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Юлия Федоровна Энгель Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Конституциялық Сот құрамына 10 судья тағайындады.