Прокуратура жылу тарифінің заңсыз көтерілуіне жол бермеді

Аудандық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексерістер барысында «Қарабұлақжылу» мекемесі тарапынан жылумен қамтамасыз ету қызметін ұсыну бойынша тарифті негізсіз көтеруге жол бергені анықталды.
«Атап айтқанда, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес, кәсіпорынның тарифтік сметалар үшін бес пайызға дейін қаражат жұмсау туралы баптың орындалмай отырғаны белгілі болды. Яғни, кәсіпорын ҚР Ұлттық банкі бекіткен 5,5 пайыз деңгейіндегі қайта қаржыландыру бойынша 8 млн. теңгеден астам қаражатты осы бағытта жұмсауы тиіс болатын. Осыны ескере келе, аудандық прокуратура заң бұзушылықты жою туралы ұсыным енгізді», - делінген баспасөз баянында.
Прокурорлық ден қою актісін қарау барысында «Қарабұлақжылу» МКК тарапынан тұтынушыларға келтірілген шығынды қайтаруға назар аударылды. Осы мақсатта 2017 жылдың 17 ақпанынан бастап уақытша өтемақылық тариф енгізу қарастырылды.
«Осылайша «Қарабұлақжылу» МКК-ның жылумен қамту тарифтері 24,2% дейін төмендетілген. Нәтижесінде мыңнан астам азаматтардың құқығы қорғалды.