Прокуратураның қадағалауымен 71 жұмысшының еңбекақысы өтелді - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жақсы аудандық прокуратурасының көмегімен 71 жұмысшының 2 миллион теңгеден астам еңбекақысы қайтарылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Прокуратураның қадағалауымен 71 жұмысшының еңбекақысы өтелді - Ақмола облысы

Прокуратура келтірген мәліметке қарағанда, ағымдағы жылдың 27 наурыз күні «Жаксы су арнасы» коммуналдық кәсіпорнына тексеріс жүргізілген. Соның нәтижесінде кәсіпорынның 71 жұмысшысы алдындағы 2 миллион теңгеден астам еңбекақы қарызы толықтай қайтарылды.

Сонымен қатар, кәсіпорын директоры міндетін атқарушы К.Ахметов ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.