09:02, 21 Қазан 2013 | GMT +5
"Протонды» ұшыру бір тәулікке кейінге шегерілді
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - 21 қазанға қараған түнге жоспарланған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыру уақыты кейінге шегерілді.

"Роскосмос" баспасөз қызметі хабарлағандай, «Протон-М» зымыран тасығышының уақытын шегеру туралы шешімді шетелдік тапсырыс берушінің өтініші бойынша мемлекеттік комиссия қабылдаған.