Психоневрологиялық интернат директоры қызметінен кетсе де, есепшоттан ақша жымқырыпты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Қызылорда қаласындағы психоневрологиялық интернат директоры Бекболат Абылаев 12 наурызда қызметінен босатылды. Сөйте тұра интернатқа тілшілерді заңсыз кіргізіп, наразылық «көріністерін» ұйымдастырды», - деп мәлімдеді бүгінгі брифингте облыстық халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева.
None
None

«Абылаевтың мені заңсыз тексереді деп айыптауы негізсіз. Өткен жылы прокуратураның тексеруі нәтижесінде психотроптық құралдардың дұрыс сақталмауы сияқты кемшіліктер анықталып, оған алқа мәжілісінің шешімімен қатаң сөгіс берілген болатын», - деді Жазира Жылқышиева. «Арада жарты жыл өткеннен кейін бұл жағдай қайталанып отыр. Дегенмен, облыстық прокуратураның араласуымен осы уақыт ішіндегі есебін алдық. Заң бойынша калориясы көп тағамды күнделікті пайдалануға болмайтыны ескерілгенмен, күнделікті есебінде науқас бала қорыта алмайтын печенье сияқты тағамдарды көрсеткен. Кондитерлік тағамдарды жеуге тек демалыс және мереке күндері ғана рұқсат етіледі», - дейді басқарма басшысы.

Тексеріс басталған уақытта интернат директоры 31 қаңтар күні сырқаттануына байланысты демалысқа шығып кетеді. Осылайша 11 наурыз күні жұмысқа қосылады. Бірақ алқа мәжілісіне «қан қысымым көтеріліп жүр» деген себеппен қатыспайтынын хат арқылы жазып, сотқа жолдайды.

«12 наурыз күні де келмейді. Сондықтан мен оны қызметінен босатуға мәжбүр болдым. Ал 13 наурыз күні ол рұқсатсыз «Қоғам ТВ», «7 арна» тілшілерін шақырып, наразылық «көрінісін» ұйымдастырған. Шын мәнісінде ол әлеуметтік орын болғандықтан, кез келген адамды рұқсатсыз кіргізуге болмайды. Мен де ол жерге арнайы халатпен кіремін», - деді Ж. Жылқышиева.

Бүгінде бұл іс бойынша құжаттар қаржы полициясының қарауында. Тағы бір ескеретін жәйт, 12 наурыз күні қызметінен босатылған интернат директоры 13 наурыз күні «Қазкоммерцбанктің» есепшотынан ақша алған. Бұл құжат та облыстық прокуратураға жолданды.

Соңғы жаңалықтар