Путин Қытайға сапарламақшы
АСТАНА. KAZINFORM — Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякуньның мәлімдеуінше, тараптар екі мемлекет басшыларының кездесуіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі меншікті тілшісі.
Қытай дипломаты Ресей президенті Владимир Путиннің Қытайға сапары туралы хабарламаларға түсініктеме берді.
— Қытайлық мен ресейлік тараптар екі мемлекет басшысының кездесуіне дайындық мәселелері бойынша тығыз байланыста. Қытай тиісті ақпаратты уақтылы жариялайды, — деп мәлімдеді Го Цзякунь.
Бір күн бұрын Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың бір күн бұрын хабарлауынша, Ресей тарапы сапар туралы жақын арада мәлімдеме жасайды.
— Дайындық жұмыстары қазірдің өзінде аяқталды деп айтуға болады. Сапар ең жақын арада өтеді, — деп атап өтті Песков.
South China Morning Post жазуынша, Путиннің бір күндік сапары 20 мамырға жоспарланған. Гонконг басылымы атап өткендей, бұл Қытайдың халықаралық саммиттер мен көпжақты форумдардан тыс бір ай ішінде Ресей мен АҚШ көшбасшыларын қабылдайтын алғашқы жағдай болмақ.
Осыған дейін Си Цзиньпин мен Дональд Трамп Бейжіңде келіссөз жүргізгенін хабарладық.