Путин мен Тоқаев Ресей мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық салаларын талқылайды

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық көпқырлы, Ресей мен Қазақстан Президенттері Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев оның барлық салаларын кездесу барысында талқылайды, деп хабарлайды ТАСС.

ақорда
Фото: Ақорда

Бұл туралы тілшілерге Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

— Біздің Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз көпқырлы, және ол ынтымақтастықтың барлық мүмкін салаларын қамтиды. Сондықтан ынтымақтастықтың барлық салалары міндетті түрде егжей-тегжейлі талқыланады. Олардың барлығы өзара тиімді. Әрине, күн тәртібінде басқа да тақырыптар болады, — деді Песков Путин мен Тоқаевтың «Роснефть» пен «Лукойлға» қатысты жақында енгізілген санкцияларды ескере отырып мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты талқылай ма деген сұраққа жауап бере отырып.

Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары 11-12 қарашада өтеді. Келіссөз барысында Путин мен Тоқаев саяси, сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы Ресей-Қазақстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастықты одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелерді, сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылайды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Российская газета» басылымына шыққан «Мәңгілік достық — халықтарымызға жол сілтер темірқазық» атты авторлық мақаласында Мәскеудегі сапарының басты мақсатына тоқталды. 

Соңғы жаңалықтар