Путин Украинаға 15 мамырда Ыстамбұлда келіссөздерді қайта бастауды ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM — Путин Украинаға алдын ала шарттарсыз 15 мамыр күні Ыстамбұлда келіссөздерді қайта бастауға ұсыныс жасады, деп хабарлайды BBC.

Путин Украинаға 15 мамырда Ыстамбұлда келіссөздерді қайта бастауды ұсынды
Фото: ТАСС

Владимир Путин Киевке бітімге келу туралы тікелей келіссөздерді «ешқандай алдын ала шарттарсыз» қайта бастауды ұсынды.

Президент бұл келіссөздер 15 мамырда Ыстамбұлда өтуі мүмкін екенін Кремльде түнде жасаған мәлімдемесінде айтты.

— Келіссөздер барысында жаңа бітім туралы келісімге келу мүмкіндігін жоққа шығармаймын, — деді Путин.

Киев әзірге Ресей президентінің ұсынысына пікір білдірген жоқ.

Айта кетелік АҚШ, Еуропа және Украина Ресейден 30 күнге сөзсіз бітім жасауды талап еткен еді.

Соңғы жаңалықтар