Путин Украинамен келіссөз жүргізетін Ресей делегациясының құрамын бекітті
АСТАНА. KAZINFORM — Владимир Путин Украинамен келіссөздер жүргізуге арналған Ресей Федерациясы делегациясының құрамын бекіту туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Кремльдің ресми сайты.

Өкім мәтініне сәйкес, Украинамен келіссөздер үшін Ресей делегациясының келесідей құрамы бекітілді:
-
Мединский В.Р. — Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі (делегация басшысы);
-
Галузин М.Ю. — Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары (делегация мүшесі);
-
Костюков И.О. — Ресей Қарулы күштері Бас штабының Бас басқармасының бастығы (делегация мүшесі);
-
Фомин А.В. — Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары (делегация мүшесі).
Сондай-ақ Украинамен келіссөздер үшін мынадай сарапшылар құрамы бекітілді:
-
Зорин А.С. — Ресей Қарулы күштері Бас штабы Ақпарат басқармасы бастығының бірінші орынбасары;
-
Подобреевская Е.С. — Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің гуманитарлық саясат жөніндегі басқарма бастығының орынбасары;
-
Полищук А.А. — Ресей Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдерінің Екінші департаментінің директоры;
-
Шевцов В.И. — Ресей Қорғаныс министрлігінің Халықаралық әскери ынтымақтастық Бас басқармасы бастығының орынбасары.
Бұған дейін Дмитрий Песков Ресей делегациясы украиналық өкілдерді 15 мамырда Стамбулда күтетінін мәлімдеген болатын.
Еске сала кетейік, Стамбулда Ресей мен Украина арасындағы АҚШ-тың қатысуымен өтетін шешуші келіссөздерге дайындық жүріп жатыр.