Qarmet басшысы «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасын Қарағанды облысынан бастауды сұрады
АСТАНА. KAZINFORM – Qarmet акицонерлік қоғамының орнықты даму жөніндегі басқарушы директоры Ербол Исмаилов Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда жұмыскер» ипотекалық бағдарламасын Қарағанды облысынан бастауды сұрады.

Оның айтуынша Qarmet кәсіпорнында 34 мың жұмысшы бар.
- Еңбек қауіпсіздігінің жоғары стандарттары да кәсіпорындар үшін сынақ болып тұр. Өндіріс кәсіпорындарындағы көптеген қайғылы оқиғалар мен құрбандардан сабақ алуымыз керек. Тау-кен кәсіпорындарында неге ереуілдер болып, апаттар туындап жатады? Біз бұл мәселеге ғылыми-әдістемелік тұрғыдан келіп жатырмыз. Жыл аяғына дейін біздегі шахталардың бәрі жерасты позициялау жүйесін енгіземіз. Соның арқасында жер астында жүрген 14 мың кеншінің әрқайсысының қимылын жерден бақылап отырамыз, - деді ол.
Кәсіпорын басшысы колледждердің кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасын технологиялық прогреспен үйлестіріп жүргізудің маңызына тоқталды.
- Техникалық мамандықтарға жастардың барғысы келмейтіні ешкімге құпия емес шығар. Былтыр жылу энергетикасы мамандығы бойынша ұсынылған грантқа бүкіл республика бойынша бір де бір талапкер түспеген. Өндірісті цифрландыру мен автоматтандыру трендтері жаңа машықтар мен мүлде өзгеше құзыреттерді талап етеді. Сондықтан мамандарды даярлау мен қайта даярлау жүйесі колледждер сатысында реформалануы керек. Әйтпесе бәсекеге төтеп бере алмайтын, ертең жұмыссыз қалатын мамандар даярлай береміз, - деді Ербол Исмаилов.
Сондай-ақ, ол «Отбасы банк» басшысына өтініш айтты.
- Ләззат Еркінқызы, «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасын бірінші кезекте Қарағанды облысында іске асырып бастауыңызды сұраймын. Өйткені біздегі өңір жұмысшыларының бұл бағдарламаға деген үлкен сұранысы бар жастар Мен күн сайын шахтерлермен кездесемін Осы мүмкіндік пайдаланып бүкіл сенаторларға 34 мың адамы бар ұжымның сәлемін жеткізгім келеді, - деді Qarmet директоры.
Еске салсақ, былтыр жазда Qarmet металлургия зауытында мердігер ұйымның екі жұмысшысы қаза тапқан еді.