Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Qazaq Air Астанадан Новосібірге әуе қатынасын жаңартады

Qazaq Air әуекомпаниясы 15 қаңтардан бастап Астанадан Новосібірге әуе қатынасын жаңартады, деп хабарлайды Kazinform. 

Qazaq Air Астанадан Новосібірге әуе қатынасын жаңартады
Фото: flyqazaq.com

Әуекомпания 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап Астана-Новосібір маршруты бойынша әуе рейстерінің жаңартылғаны туралы мәлімдеді.

«Рейстер канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 жаңа генерацияланған әуе кемесінде аптасына 2 рет дүйсенбі және жұма күндері келесі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт бойынша): IQ 5005 Астана 20:40 - Новосібір 23:30; IQ 5006 Новосібір 00:30 - Астана 01:20», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Әуекомпанияның атап өтуінше, Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын жаңарту – екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.