Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Qazaqstan Barysy-2026 турнирінің ширек финалистері анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Qazaqstan Barysy — 2026 супертурнирі жалғасып жатыр.

Qazaqstan Barysy-2026 турнирінің ширек финалистері анықталды
Фото: Qazaqstan Barysy

1/8 финалдағы тартысты белдесулердің қорытындысы бойынша турнирдің бас жүлдесі үшін күресті жалғастыратын сегіз үздік балуан анықталды:

  • Ғалымжан Қырықбай Санжар Жабборовты жеңді;
  • Мәди Еділбаев Мұхтар Дәлелханұлынан басым түсті;
  • Нұрсұлтан Қожагелдіұлы Нұрсұлтан Қабланды жеңді;
  • Жансерік Жұмабай Әділ Бескемпірді жарыс жолынан шығарды;
  • Еламан Ерғалиев Нұрдәулет Жарылғаповтан басым болды;
  • Алмас Жұмағали Саят Шамшиевті жеңді;
  • Жантілек Нұртілепұлы Жантілек Шынкеевтен басым түсті;
  • Әділ Оразбаев Әділет Сапарғалиевті жеңді.

Осылайша ширек финалда төмендегі жұптар өзара белдеседі:

  1. Ғалымжан Қырықбай — Мәди Еділбаев;
  2. Нұрсұлтан Қожагелдіұлы — Жансерік Жұмабай;
  3. Еламан Ерғалиев — Алмас Жұмағали;
  4. Жантілек Нұртілепұлы — Әділ Оразбаев.

Енді турнир шешуші кезеңге аяқ басты.

Ширек финалда жеңіске жеткен балуандар жартылай финалға жолдама алып, Qazaqstan Barysy — 2026 супертурнирінің жеңімпазы атағы үшін күресті жалғастырады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан күрестен Түркиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.