Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде бүгін кімдер сынға түседі

АСТАНА.KAZINFORM — Бүгін Астана қаласында жалауын көтеретін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирнде ел намысын 13 спортшы қорғайды.

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде бүгін кімдер сынға түседі
Фото: ortcom.kz

Аталған жарыс нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін — 1 мың, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль алғанға 500 ұпай есептеледі.

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл додаға 48 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.

Олардың арасында Олимпиада чемпиондары Рафаэла Силва (Бразилия, 63 кг), Беатрис Соуза (Бразилия, +78 кг), Барбара Матич (Хорватия, 70 кг) және Олимпиадада екі дүркін жеңімпаз атанған Таканори Нагасэ (Жапония, 81 кг) бар.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, елорда татамиінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған спортшылар бақ сынайды.

Ерлер:

60 келі. Аман Бақытжан — Абдулло Қуқаншоев (Тәжікстан)
60 келі. Талғат Орынбасар — Энебиш Баттсерен (Моңғолия)
60 келі. Мағжан Шамшадин — Ашик Андреаян (Армения)
60 келі. Дәурен Суюкенов — Ли Ха Рим (Оңтүстік Корея)
66 келі. Ердәулет Бозша — Чжан Хайян (Қытай)
66 келі. Ғұсман Қырғызбаев ‐ бірінші айналымды өткізеді
66 келі. Бауыржан Нарбаев — Юн Хёнсу (Оңтүстік Корея)
66 келі. Мирас Жонысов — Йотов Боян (Болгария)

Әйелдер:

48 келі: Диана Буркеева — Манон Урдиалес (Франция)
52 келі. Құндыз Жылқыбай — Умида Джуманиязова (Өзбекстан)
52 келі. Айшабибі Мұрадимова — Кинга Климчак (Польша)
57 келі. Дина Мұханбет — Полин Старк (Германия)
57 келі. Дана Әбдірова — Ксения Галицкая (IJF)

Іріктеу белдесулері 10:00–де басталады. Финалдық кезең 17:00–ге жоспарланған. Тікелей трансляцияны ел назарына Qazsport телеарнасы ұсынады.

Соңғы жаңалықтар