Радикалды көңіл-күйлер тек исламда ғана емес, барлық дінде кездеседі - Сауд Арабиясының Бас прокуроры

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Радикалды көңіл-күйлер тек исламда ғана емес, барлық дінде кездеседі.

Радикалды көңіл-күйлер тек исламда ғана емес, барлық дінде кездеседі - Сауд Арабиясының Бас прокуроры

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Бектас Бекназаровпен кездесуі барысында Сауд Арабиясының Бас прокуроры Мохаммад бин Фахд әл-Абдуллах мәлім етті.

«Ислам ұстамдылыққа, адам құқықтарын сыйлауға үндейді. Сауд Арабиясында король Абдалла және оның ата-бабалары осы уақытқа дейін Ислам шариғатын ұстанып келді», - дейді ол.

Бас прокурордың айтуынша, Сауд Арабиясы - радикалды топтардың тарапынан жасалынатын лаңкестік актілерден сақталмаған елдердің бірі. Соңғы жылдары Сауд Арабиясы елдегі құқық қорғау органдарының қызметін күшейткен. Сонымен қатар радикалды діни ілімнің соңына ергендермен тәрбие жұмыстары жүргізілуде.