Рамзан Қадыровтың жиені Шешенстанның көлік министрі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың жиені Адам Черхигов аймақтың көлік, байланыс және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. 

Рамзан Қадыровтың жиені көлік министрі болды
Фото: grozny.tv

«Рамзан Черхиговтың орнына Адам Черхигов Шешенстан Республикасының Көлік, байланыс және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Бұған дейін Адам Шешенстан Республикасы Үкіметінің Мектепке дейінгі білім беру комитетінің төрағасы қызметін атқарған», - деді Рамзан Қадыров Telegram-арнасында.

Сондай-ақ ШР Үкіметінің Мектепке дейінгі білім беру комитетін ШР Білім және ғылым министрлігінің құрылымына қосу туралы шешім қабылданды. 

Айта кетейік, Адам Черхиговтың әкесі – Рамзан Қадыровтың әпкесі Зарганның күйеуі. 

Соңғы жаңалықтар