Референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспары бекітілді
АСТАНА. KAZINFORM - Орталық референдум комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес, 12 ақпаннан бастап 14 наурыз күні сағат 00-00-ге дейін үгіт жүргізуге рұқсат беріледі. Ал 21 ақпанда аумақтық және учаскелік комиссиялар құрамы, референдум учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтер жарияланады.
27 ақпан мен 4 наурыз аралығында азаматтар дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар етіледі. 12-14 наурыз күндері аралығында учаскелік референдум комиссияларына бюллетеньдер жеткізілді.

Сонымен қатар 14 наурыз күні тыныштық күні болып белгіленеді. Бұл күні үгіт жүргізуге тыйым салынады.
15 наурызда ел азаматтары жаңа Конституция жобасына дауыс береді.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.