Ресей 2026 жылы астықты экспорттауға квота белгіледі

МӘСКЕУ. KAZINFORM — Ресей Үкіметі 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына астық экспортына квота белгіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі РФ Үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

Экспорт зерна из Казахстана вырос на треть
Фото: АШМ

Хабарламада айтылғандай, Ресейден Еуразиялық экономикалық одақтан тыс елдерге бидай, меслин, арпа және жүгері экспорттауға арналған тарифтік квотаның жиынтық көлемі 20 млн тоннаны құрайды. Ал қарабидайды экспорттауға арналған квота көлемі — 0 тонна.

Квоталар 2026 жылғы 15 ақпаннан 30 маусымға дейін қолданыста болады.

Бұл шешім ішкі астық нарығы мен шетелге тасымалдау арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беру мақсатында қабылданды. Ол Ресей нарығындағы астық дақылдарын өндіру мен тұтынудың болжамды көрсеткіштері ескеріле отырып бекітілген.

Тарифтік квоталар Үкімет шешімдерінің негізінде шетел мемлекеттеріне халықаралық гуманитарлық көмек көрсету үшін астық экспорттауға қолданылмайды.

Астық дақылдарын экспорттауға арналған квота мөлшері 2025 жылдың қазан айында экономикалық даму және интеграция жөніндегі үкіметтік комиссияның кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу жөніндегі қосалқы комиссиясының отырысында бекітілген.

Астық экспортын квоталау тетігін РФ Үкіметі 2021 жылы енгізген. Квота шеңберінде астық экспортына бағаға қарай өзгеретін баж салығы қолданылады.

Бұған дейін Қазақстанның 64,6 млрд АҚШ долларына тауар экспорттағаны туралы жазылған.

Соңғы жаңалықтар