08:40, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
Ресей автокөлік құралдарының ұрлануымен күресуде және олардың қайтарылуын қамтамасыз етуде Достастық елдерімен ынтымақтасады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - РФ Федералды жиналысының Федерациялар Кеңесі
«Автокөлік құралдарын ұрлаумен күресуде және олардың қайтарылуын қамтамасыз етуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен ынтымақтасу жөніндегі келісімді бекіту туралы» заңды мақұлдады. ҚазАқпарат тілшісіне Федерациялар Кеңесінің басасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл заң «автокөліктерді ұрлау қылмыстарын ашу және тексеру, ондай қылмыстардың алдын алу, анықтау, ескерту үшін Достастық аясында көліктердің иелеріне қайтарылуы үшін ТМД елдерінің ынтымақтастығына құқықтық негіз» болып табылады.