Ресей азаматтары Ақтөбе облысында көлік ұрлаумен айналысқан - ҚР ІІМ

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында көлік ұрлаумен айналысқан Ресей азаматтары ұсталды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Ресей азаматтары Ақтөбе облысында көлік ұрлаумен айналысқан - ҚР ІІМ

Оның хабарлауынша, Ақтөбе облысында бірнеше қымбат автокөлікті ұрлау фактісіне қатысы бар деген күдікпен Ресейдің үш азаматы ұсталды. «Бұдан бұрын 36 жастағы Ақтөбе облысы тұрғынынан «Toyota Land Cruiser-200» автокөлігі қарауылдауда тұрған автотұрақтан ұрланған болатын. Осы оқиға туралы хабар түскеннен кейін полиция қызметкерлері күдіктілерді Қарғалы ауданы Велиховка ауылынан 3 шақырым жерде құрықтады. Сол жерде автокөлік пен оған қатысты жалған құжаттар тәркіленді», - дейді Н.Ораз.

Сондай-ақ Қарағанды облысында бірнеше автоұрлыққа қатысы бар екі ер адам анықталды. Бүгінде олардың 13 оқиғаға қатысы бар екендігі дәлелденді.