Ресей БАӘ-ге және Иранның әуе кеңістігі арқылы ұшуға қойған шектеулерді алып тастады
МӘСКЕУ.KAZINFORM — Росавиация Ресейдік Көлік министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің ұстанымын ескере отырып, ресейлік авиакомпанияларға БАӘ-не баратын/келетін рейстерге билет сатуды тоқтата тұру туралы ұсынымдарды алып тастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі РФ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ ресейлік авиакомпаниялардың Иранның әуе кеңістігі арқылы ұшуына қойылған шектеулер алынып тасталды. Транзиттік рейстер мен осы елдің әуежайларына ұшулар ирандық авиабилік органдардың барлық ұсынымдарын қатаң сақтай отырып орындалуы мүмкін.
Бұдан басқа, Көлік министрлігі мен Росавиация мамандары Таяу Шығыстағы азаматтық авиацияның жұмысымен байланысты жағдайды талдауды жалғастыруда, қажет болған жағдайда осы аймақтағы Ресей авиакомпанияларының рейстеріне түзетулер енгізу үшін.
Еске сала кетейік, Қазақстан Таяу Шығыстағы алты елдің маңында ұшуға толық тыйым салды.