Ресей дағдарысқа қарсы шараларды Қазақстаннан үйренетін болады

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – Бұған дейін хабарланғаныдай, 2009 жылғы ақпанның 26-сында Мәскеуде «Бизнес-ынтымақтастық» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Интерфакстың» орталық кеңсесінде «Бизнестің дағдарысқа қарсы отырысы» деген айдармен баспасөз мәслихаты болып өтті.
None
None
Конференцияда экономикалық саясаттағы дағдарысқа қарсы шаралар бойынша РФ Үкіметінің 10 ұсынысын қамтитын «Тұғырнама 2009» -да әзірленген бағдарламасының ұстанымдары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.Баспасөз мәслихатында РФ Федералдық жиналысы Мемлекеттік Думасы Комитеті төрағасының бірінші орынбасары М.И. Гришанков, «Атамекен» кәсіпкерлер одағының төрағасы А.Т. Перуашев, (Қазақстан), «Бизнес-ынтымақтастық» бірлестігінің төрайымы, «Софэкс» қаржы директоры Я.В. Яковлева сөз сөйледі. Халықаралық іскер ортаның қалыптасқан бағасына сай әлемдік дағдарыс бизнестің құрылымдық құлдырауының салдары болып табылады. Осы орайда қоғамдық қайраткерлер, бизнесмендер және саясаткерлер дағдарысқа қарсы шаралардың бағдарламасын әзірледі, авторлардың пікірінше отандық экономиканың жағымды дамуын ынталандырады.Бағдарлама «уәкілетті банктер арқылы сайланған компанияларға мемлекеттің көмегін қолдану саясаты өзін ақтамайды. Егер осы жолмен жүретін болсақ, Ресей мемлекетінің резервтерінің, кәсіпорындардың күйреуі, жаппай жұмыстан босау, корпорациялар мен аймақтардың дефолтымен 2009 жылғы қазанның 1-іне дейін жұмсалып бітеді», деген тезиске негізделеді. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін акцияның бастамашылары шағын және орта бизнеске көмек көрсету бағытын ұстануды, бір баррель үшін мұнайдың бағасын 95 АҚШ доллары емес, 25 доллар есептемелеріне негіздей отырып мемлекеттік бюджетті қайта қарауды, экономикалық айыптаулар бойынша сотқа дейін кәсіпкерлерді тұтқындауға мораторий енгізуді, мемлекеттік банктер мен мемлекеттік компаниялардың басшылары үшін бонустардың күшін жоюды үкіметке ұсынады. Бағдарламалардың авторлары өздерінің сөйлеген сөздерінде Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің сөйлеген сөздеріне, сондай-ақ әлемдік тәжірибеге және басқа елдер мемлекеттік қайраткерлерінің тиімді дағдарысқа қарсы іс-қимылдарына сілтеме жасады. Платформа-2009 дағдарысқа қарсы тұрудағы қазақстандық тәжірибені, оның дағдарысқа қарсы бағдарламасы ескеріле отырып әзірленген.
Соңғы жаңалықтар